АҚШ-та 4 млн бала коронавирус жұқтырған 

Пандемия басталғалы АҚШ-та 4 миллионнан аса бала коронавирус жұқтырған.

Бір аптаның өзінде 24 мыңға жуық жағдай тіркелген екен. Негізі мұнда қазір жасы 12-ден асқан жеткіншектер шұғыл түрде екпе салдыра алады. Құзырлы органдар биыл күзде не қыстың ортасына дейін 12 жасқа дейінгі балаларға да вакцина қабылдауға рұқсат берілуі мүмкін деп отыр.

Жалпы, сарапшылар коронавирус салдарынан жеткіншектер мен бүлдіршіндерге тағы бір қауіп төніп тұрғанын айтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Covid-19 кесірінен әлемде бір жарым миллион бала ата-анасынан не бірге тұратын ата-әжесінен айырылып қалған. Мамандардың айтуынша, бұл психологиялық қиындықтармен қатар олардың кедейлікке ұшырап, зорлық-зомбылық құрбанына айналу қаупін арттырады.

Сондай-ақ...