Перуде ауруханадағы орындар саудаланған

Коронавирус тұтас әлемді шарпып тұр.

Осындай қиын кезеңде біреулер жақынынан айырылып қайғы жамылса, біреулер үрей құшағында отыр. Ал Перуде қара басының қамын ойлағандар емханадағы орынды саудаға салған.

Перу полициясы мемлекеттік емханадағы орындарды саудаға салған қылмыстық топты әшкереледі. Анықталғаны, арам пиғылдылар коронавирусты тегін емдейтін мемлекеттік мекемеде әр төсек-орынды 21 мың доллардан сатып келген. Қазір осы іске байланысты 9 адам қамауда отыр. Арасында аурухана әкімшілері бар.

Айта кетейік, Перу індеттен ең көп зардап шегіп отырған мемлекеттердің бірі. Мамырдың соңында бұл ел 100 мың адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орынға шыққан болатын.

Оскар Угарте, Денсаулық сақтау министрі:

Бұл мәселе осымен түгебейлі оң шешімін табады деп ойлаймын. Өмір мен өлімнің арасындағы адамнан ақша талап ету - нағыз оңбағандық. Кінәлілер аяусыз жазалануы керек деп ойлаймын. Біз барлық деңгейдегі жемқорлықты түбірімен жоюымыз керек.

ӘЛЕМДЕ ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ 1,5 МЛН БАЛА ЖЕТІМ ҚАЛДЫ

Әлемде індет басталғалы бері 1,5 миллион бала ата-анасынан немесе бірге тұратын ата-әжесінен айырылып қалған. Тағдырдың осындай тауқыметін көбіне латынамерикалық балалар тартады екен. Арнайы зерттеу жүргізген бір топ маман тақауда осындай мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, мұның арты психологиялық қиындықтар мен кедейлікке әкелуі мүмкін. Бұған қоса, зорлық-зомбылық құрбанына айналу қаупін де арттыратын көрінеді. Осыған байланысты, ғалымдар балаларға қамқоршы болып жүрген азаматтарды бірінші кезекте вакциналау керегін айтады.

ҚЫТАЙ КОРОНАВИРУСТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН ТЕРГЕУДЕН БАС ТАРТТЫ

Қытай коронавирустың неден шыққанына қатысты тергеу жұмыстарының екінші кезеңіне қатыспайды. Бұл туралы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комитеттің өкілі хабарлады. Оған аталған вирустың Уханьдағы зертханадан тараған болуы мүмкін деген тергеу нұсқасы түрткі болған. Бұл ақылға қонымсыз дүние дейді ведомстводағылар.

Цзэн Исин, Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комитеті басшысының орынбасары:

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустың қайдан шыққанын тергеуге қатысты жоспары мүлдем ақылға қонбайды. Ол ғылымға қарсылық таныту. Біз мұндай жоспарды қабылдай алмаймыз.

ҰЛЫБРИТАНИЯ КОРОНАВИРУС ҚАЙТА КҮШ АЛДЫ

Ұлыбританияда коронавирус тағы да күш алды. Өткен тәулікте 45 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталды. Олардың арасында денсаулық сақтау министрі де бар. Ал онымен байланыста болған премьер-министр қазір карантинде жатыр. Мамандардың айтуынша, корольдік індеттің кезекті толқыны алдында тұр. Және ол бұрынғылардан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Жалпы, ел үкіметі келтірген дерекке сәйкес, соңғы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 40 процентке артып кеткен.

МӘСКЕУДЕ ҚАЙТАДАН ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛДЫ     

Мәскеуде бүгіннен бастап тұрындар қайтадан коронавирусқа қарсы екпе салдыра алады. Ол үшін вакциналау орталықтарында «Спутник Ви» және «Спутник Лайт» препраттары ұсынылады. Бұған дейін ревакциналау шарасы қаладағы қарттар үйінде басталған болатын. Мамандардың түсіндіруінше, қайтадан екпе қабылдау бірінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан соң жүргізілу керек. Ал эпидемиологиялық ахуал жақсарғанда, препаратты жылына бір рет салдыру жеткілікті. Сарапшылар «бұл вирустың түрлі штамдарына қарсы қосымша қорғаныс болады» дейді.