Таиландта аяғы ауыр келіншектерге вакцина салдыруға рұқсат етілді

Тай елінде жасы 60-тан асқан тұрғындар, аяғы ауыр келіншектер мен салмағы 100 келіден асатын азаматтарға екпе салдыруға рұқсат етілді.

Алайда мұндағы билік адамның көп болатынын күтпеген. Салдарынан вакциналау орталығының сыртында да, ішінде де ара қашықтық сақталмай, кезек көбейді.

 Вачарапорн Ванассау, жергілікті тұрғын:

Менің жүктілік мерзімім 12 аптадан асып кетті. Екпе алу үшін осында келдім. Вакциналау орталығындағы жұмыстар дұрыс ұйымдастырылмаған. Әсіресе қарт кісілердің кезекте тұруы қиын.

Тунисте коронавирусқа қарсы екпені жасы 50-ден асқан тұрғындар да қабылдай алады. Құрбан айтқа орай барлық ересектерге вакцина салдыруға рұқсат берілген. Бірақ билік ниет білдірушілер саны көп болатынын күтпесе керек.

Соңғы уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Кейінгі бір күнде 6 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. Сондықтан ересектердің барлығына екпе салдыруға болады дегенді естіген жұрт жаппай вакциналау орталығына лап қойған. Сөйтіп ұзын-сонар кезек пайда болды.

Әли Бен Хадж, жергілікті тұрғын:

Мен осымен үшінші рет келіп тұрмын. Екпе салдыра алмай жүрмін. Біздің өңірде бір ғана вакциналау орталығы бар. Кезекте тұрған мына адамдарға қараңыздаршы. Осы дұрыс па? Ұйымдастыру жағы ойластырылмаған.

 

 

Сондай-ақ...