Египетте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағажай ашылды   

Египеттің Александрия қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жағажай ашылды.

Бұл жердегі шомылатын орынның ұзындығы негізі 200 метрден асады. Соның 30 проценті арбаға таңылған адамдарға арналған. Олар суға сырғыма баспалдақпен түсе алады. Сондай-ақ қажет кезде көмектесу үшін әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлер үнемі кезекшілік жасайды. Билік алдағы уақытта тағы осындай бірнеше жағажай ашпақ екен.

– Осындай жағажай орнатып бергеніне ризамын. Басында жүзе алмайтынмын, ал қазір әкемді де, басқа ешкімді де әурелемеймін.

– Бұрын теңізге тек сырттай қарап тұратынбыз. Ал жұрт сияқты шомыла аламыз