Қытайдың оңтүстігі алапат дауылға дайындалып жатыр       

Қытайдың оңтүстігіне алапат дауыл таяп келеді.

Жел күшейіп, нөсер селдетеді деген болжам бар. Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Ал елдің орталық аймақтары су тасқынынан зардап шегіп отыр. Оған толассыз жауған жауын себеп. Әсіресе Чжэнчжоу қаласында жағдай қиын. Мұнда жауын-шашынның рекордтық мөлшері түскен. Соңғы дерек бойынша табиғат апатынан 30-дан аса адам көз жұмған. Жоғалып кеткен 8 тұрғын әлі табылмай жатыр.