Оңтүстік Африкадағы тәртіпсіздіктер кезінде 300-ден астам адам қаза тапты

Оңтүстік Африкада 9 шілдеде басталған тәртіпсіздіктерден 337 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте 61 адам қаза тапқан.

Еске салайық, Оңтүстік Африкада бұрынғы президент Джейкоб Зума түрмеге жабылғаннан кейін тәртіпсіздіктер басталған. Сот шешімін орындамағаны үшін ол 15 айға қамауға алынды.