425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Вашингтонның орталығында атыс болды

  • 141
  • UPD: 09:54, 23.07.2021
Вашингтонның орталығында атыс болды

АҚШ астанасы Вашингтонның орталығында 23 шілдеге қараған түні атыс болды.

Атыс кезінде екі ер адам жарақат алды, деп хабарлады ТАСС.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыс Ақ үйден екі шақырым жерде адам көп жүретін көшедегі мейрамхананың алдында болған. Барлығы шамамен 20-30 оқ атылды.

Әзірге ұсталғандар жоқ. Полиция күдіктілерді іздестіруде.

Хабар 24 телеарнасы