Канада тұрғыны әлемдегі ең жарық шамды ойлап тапты

Канадалық блогер Джеймс Хобсон және оның командасы әлемдегі ең жарық шамды жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Құрылғының үлкендігі соншалық, ол рекорд орнатты, деп жазылған Гиннестің рекордтар кітабының сайтында. 

Шамдар Nitebrite 300 деп аталады. Оның 300 жарық диодты шамдары бар, ал жарықтығы 501 031 люменге жетеді. Салыстырмалы түрде, нарықтағы ең қуатты фонарь Imalent MS 18-де 18 жарық диоды бар.

Алып шамның үш режимі бар: әлсіз, күшті және турбо. Ол түнде футбол алаңын жарықтандыруға қабілетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы АҚШ-та адамдарға тыңшылық жасап, олардың сөйлесулерін жазып алатын көше шамы ойлап табылды. Өткен жылы британдық мамандар көруді жақсартуға көмектесетін ықшам жарықдиодты шамды жасаған болатын.