Эквадорда түрмедегі бүліктен 21 жазасын өтеуші ажал құшты

Эквадорда 2 үлкен түрмедегі бүлік кезінде 21 жазасын өтеуші көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіпсіздіктерден тағы бірнешеуі жарақат алған. Бұл туралы осы елдің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Күзетшілер мен Ұлттық полиция жасағы жағдайды бірнеше сағаттан кейін ғана бақылауға алған. Қақтығыстан 3 полицей зардап шеккен. Оқиға орнынан қашпақ болған 61 сотталушы қолға түсті. Бүліктерге байланысты қылмыстық тергеу ісі басталды. Бұл биыл болған екінші ірі қақтығыс. Ақпан айында 3 түрмедегі тәртіпсіздіктерден 79 жазасын өтеуші ажал құшқан.