425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токионың ұлттық стадионында дайындық барысы соңғы рет пысықталып жатыр

  • 117
  • UPD: 11:39, 23.07.2021
Токионың ұлттық стадионында дайындық барысы соңғы рет пысықталып жатыр

Токиодағы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ашылуына санаулы сағаттар қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты рәсім өтетін ұлттық стадионда қазір дайындық барысы мен қауіпсіздік шаралары соңғы рет пысықталып жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, іс-шара көрерменсіз өтеді, бірақ жапон жанкүйерлері Олимпиаданың басты аренасына барып естелікке суретке түсіп жүр.

Блиц 1:

- Қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін көп полицей мен әскер керек. Бұған келісемін.

Блиц 2:

- Олимпиаданы тағатсыздана күттім. Тіпті 2 билет алып едім. Жарыстарды көргім келген. Бірақ коронавирус бәрін өзгертті. Қолдан келер шара жоқ.

Хабар 24 телеарнасы