Ресей Тәжікстандағы Ауғанстан шекарасына әскери техникасын жеткізді

Ресей Тәжікстандағы Ауғанстан шекарасына жақын маңдағы әскери базасына бірнеше әскери техникасын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл маңда келесі айда әскери-оқу жаттығуы өтуі тиіс. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары АҚШ әскері елден кететінін мәлімдеген сәттен бастап үлкен қалалар мен елдімекендерге шабуыл жасауға кірісті. Сарапшылар бұл мәселе қазір Ресей билігінің негізгі бас ауруына айналды дейді.