Германияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Германияның батысында болған нөсер мен су тасқыннан опат болғандардың саны 177-ге жетті.

Тағы жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз жоғалып, табылмай жатыр. Апат аймағында құтқару мен қалпына келтіру жұмыстары әлі жүруде. Оған әскерилер де жұмылдырылған. Тасқыннан келген шығын орасан зор. Үкімет тұрғындардың азық-түлік және киім-кешек сатып алуына қаржылай көмек көрсететінін айтты. Бұдан бөлек баспаналарынан айырылған жандарға жаңа үй тұрғызуға 400 милллион еуро ақша бөлінетінін хабарлаған. 

Инге, тұрғын:

- Көрсетіліп жатқан көмек үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің жасымызда сыртқы көмексіз әрекет ету өте қиын. Бәрін жаңадан бастауға мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ бұл қиындықты барлығымыз бірігіп жеңіп шығатынымызға сенімдімін.