Үндістанда сирек кездесетін табиғи құбылыс видеоға түсіп қалды (видео)

Үндістанның Харьяна штатында ерекше табиғи құбылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Жер су астынан көтерілді.

Бұл құбылыстың видеосын жергілікті тұрғын Джагат Вани Facebook-те жариялады. Ролик қазірдің өзінде 5,7 миллион рет қаралды. Онда жердің кенеттен су астынан қалай көтерілетінін көруге болады және оған не себеп болғаны белгісіз. Кейбіреулер Жер тектоникалық белсенділікке байланысты көтерілді деп санайды, ал басқалары бұл топырақта жиналған метанның салдарынан болғанына сенімді.