425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің тиімді әдісі табылды

  • 130
  • UPD: 17:18, 23.07.2021
Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің тиімді әдісі табылды korrespondent.net

ErSO препараты сүт безі қатерлі ісігі жасушаларының 95-100%, сондай-ақ олардың бүкіл ағзадағы метастаздарын өлтіреді, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Американдық ғалымдар қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты, ол сүт безіндегі ісік жасушаларының 100%  дейін жоюға қабілетті. Зерттеу нәтижелері Science Translational Medicine журналында жарияланды.

Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінің мамандары айда болған ісіктермен де, метастаздармен де күресетін ErSO препаратын жасап шығарды.

ErSO белсенділігі кеуде ісіктерінің көпшілігінде кездесетін эстроген рецепторына байланысты. Тышқандарға жасалған тәжірибе көрсеткендей, препаратты тіпті үлкен дозаларда да қабылдауға болады. Терапия басталғаннан бірнеше күн өткен соң рак клеткалары орташа есеппен 99% азайған. Ғалымдар болашақта ErSO-ны адамдарға тексеруді жоспарлап отыр. Олар препараттың басқа қатерлі ісік түрлеріне қарсы әсер ететіндігін анықтамақ.

Хабар 24 телеарнасы