Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанға белгіленді

Өзбекстанда президент сайлауы белгіленді. Мемлекет басшысын таңдайтын маңызды іс-шара 24 қазанда өтеді. Бұл туралы көршілес республиканың Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал сайлауалды үгіт-насихат науқаны бүгін басталды. Сарапшылар қазіргі президент Шавкат Мирзиёев те саяси додаға қатысады деп болжайды.

Естеріңізге сала кетейік, Мирзиёев бұрынғы президент Ислам Каримов 2016 жылы қайтыс болғаннан кейін билікті өз қолына алған болатын. Сол жылы ол сайлауда 88,61 процент дауыс жинады.

Бахром Кучкаров, Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Бұдан бұрынғы сайлаудан айырмашылығына келетін болсақ, бұл жолы азаматтарымыз өте белсенді. Егер ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге қарасақ, азаматарымыз тек әлеуметтік жағынан ғана емес, саяси тұрғыда да жоғары белсенділік танытып келеді.