423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сеул мен оған қарасты аудандарда шектеу шаралары тағы ұзартылды

  • 189
  • UPD: 23:50, 23.07.2021
Сеул мен оған қарасты аудандарда шектеу шаралары тағы ұзартылды

Сеул мен оған қарасты аудандарда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары тағы жарты айға ұзартылды.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Соңғы бір күнде бұл аймақта 2 мың адам коронавирус жұқтырған. Бұл шілде айының бас кезіндегі көрсеткіштен екі есе артық. Мамандар науқастар санының күрт артуын дельта штамымен байланыстырып отыр.

Ли Ки Ил Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрі:

- Вирусты жұқтырғандар саны артып, жағдай күрделене түсті. Коронавирусты ең көп жұқтыру дерегі Сеул қаласы мен оған қарасты аудандарда тіркеліп отыр. Осыған байланысты біз төртінші дәрежелі шектеулерді тағы екі аптаға созуды шештік.

Хабар 24 телеарнасы