Австралия билігі Сидней қаласы мен оған қарасты округтегі індеттің өршуін «ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай» деп мәлімдеді.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері жұқпалы дертпен күресу үшін Сиднейге шұғыл түрде вакцина жеткізуді сұрады. Ресми мәліметке қарағанда бұл аймақта соңғы бір тәулікте 140 адам вирус жұқтырған. Сол себепті Сиднейде тұрғындардың жүріп тұруына шектеу енгізілген.