Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы шектеулер ұзартылды 

Сеул мен оған қарасты аудандарда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары тағы жарты айға ұзартылды.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Соңғы бір күнде бұл аймақта 2 мың адам коронавирус жұқтырған. Бұл шілде айының бас кезіндегі көрсеткіштен екі есе артық. Мамандар науқастар санының күрт артуын «дельта» штамымен байланыстырып отыр

Ли Ки Ил, Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрі:

– Вирусты жұқтырғандар саны артып, жағдай күрделене түсті. Коронавирусты ең көп жұқтыру дерегі Сеул қаласы мен оған қарасты аудандарда тіркеліп отыр. Осыған байланысты біз төртінші дәржелеі шектеулерді тағы екі аптаға созуды шештік.  

Австралия билігі Сиднейдегі ахуалды төтенше жағдай деп мәлімеді

Австралия билігі Сидней қаласы мен оған қарасты округтегі індеттің өршуін «ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай» деп мәлімдеді. Жаңа Отүстік Уэльс штатының Премьері жұқпалы дертпен күресу үшін Сиднейге шұғыл түрде вакцина жеткізуді сұрады. Ресми мәліметке қарағанда, бұл аймақта соңғы бір тәулікте 140 адам вирус жұқтырған. Сол себепті Сиднейде тұрғындардың жүріп тұруына шектеу енгізілген.