423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нидерландта Volkswagen көлік иелеріне өтемақы төленетін болды

  • 134
  • UPD: 12:42, 24.07.2021
Нидерландта Volkswagen көлік иелеріне өтемақы төленетін болды

Нидерландта Фольксваген, Ауди, Шкода мен Сеат көліктерінің иелеріне 3 мың еуроға дейін төленетін болды.

Сот осы сауда белгілеріне ие «Фольксваген» корпорациясына өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұл дау осыдан 6 жыл бұрын басталған болатын. Сол кезде компанияның дизель қозғалтқышы бар автокөліктерін  газдардың шығаруын төмендетіп көрсететін арнайы бағдарламалармен жабдықтағаны белгілі болған. Германиядағы тұтынушылар сотқа ұжымдық шағым түсіріп, істі жеңген еді. Ал жақында Нидерланд тұрғындары да сотқа шағымданды. Нәтижесінде 150 мың адамға өтемақы төленетін болды. Бұл айласы автоконцернге қымбатқа түскенін айтып кету керек. Өтемақы мен сот шығындарына 30 млрд еуро жұмсағаны белгілі. Бірақ осымен мәселелері біткен жоқ.

Осы айдың басында Германияның автокөлік өндіруші корпорацияларына миллиондаған айыппұл салынды. Осы саладағы 5 алпауыт компания : БМВ, Ауди, Порше, Фольксваген және Даймлер құпия сөз байласқан көрінеді. Бұл компаниялардың өкілдері  көліктері шығаратын газдарды заң қарастырған мөлшерден көп тазартпауға келісіпті. Сондай-ақ осы салада бір-бірімен бәсекелеспеуді шешкен. Мұны білген Еурокомиссия тергеу өткізіп, оларға жаза шығарды. Мәселен Фольксваген 875 миллион еуро төлеуге тиіс. Тек Даймлерге айыппұл салынған жоқ.

Маргрете Вестагер, Бәсекелестік сауалдары жөнінде ЕО комиссары:

– Автоөндірушілер «АдБлю» заттегін көбірек қосса бұл газдарды жақсырақ тазартатынын білген. Еуроодақ ережелері қарастырған мөлшерден асыра тазартуға техникалық мүмкіндіктері болған. Бірақ мұны істеудің орнына құпия сөз байласты.

 

Хабар 24 телеарнасы