Үндістанның оңтүстігінде көлік апатынан сегіз адам көз жұмды

Үндістанның оңтүстігінде, Телангана штатында екі көлік соқтығысып, сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні кешке Телангана әкімшілік орталығы Хайдарабад қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде орналасқан Нагаркурнул округінде болды.

Көліктегі 6 жолаушы мен жолдан өтіп бара жатқан екі жүргінші зардап шеккен, деп хабарлады жергілікті полиция.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі автомобиль де жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Телангана провинциясының бас министрі Чандрашекхар Рао қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты.