Үндістанда күзде балаларға екпе салдыруға рұқсат берілуі мүмкін

Үндістанда күзге қарай балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі бірдей жергілікті фармацевтикалық компания құзырлы органдардың рұқсатын күтіп отыр. Егер мақұлданса, балаларға вакцина салу жұмыстары қыркүйекте басталуға тиіс. Жалпы қазір әлемнің бірнеше елінде жасы 12-ден асқан жеткіншектерге екпе салуға рұқсат етілген. Мұндай науқан Израиль, Канада, Франция және Сингапурде жүріп жатыр. Ал Қытайда шұғыл жағдайда тіптен 3 жастан асқан бүлдіршіндерге де екпе салдыруға болады.