Қытайдың оңтүстігінде кеме аударылды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының жағалауында кеме аударылып, 70 адам суда қалды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:00-де Хуэйчжоу қалалық округіндегі Хунхайвань шығанағында болған. Қазіргі уақытта оқиға орнына үш құтқару кемесі жіберілді.

Апаттың себептері туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.