Бразилия халқының биліктің ковидпен күрес шараларына көңілі толмайды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында президенттің отставкасын талап еткен жұрт ереуіл ұйымдастырды. Наразылық акциясының соңы полицейлермен қақтығысқа ұласқан.  

Пандемия кезінде Бразилия президентінің халық арасындағы беделі күрт төмендеген. Өйткені оның коронавируспен күрес шаралары көбінің көңілінен шықпай отыр. Айтуларынша, мемлекет басшысының өзі былтыр індетпен ауырса да, әлі күнге дейін оның қаупін жете бағаламайды. Ал Латын Америкасындағы бұл елде вирусқа байланысты кісі өлімі жарты миллионнан асып кетті. Оның үстіне халық вакциналау науқанының баяу жүріп жатқанын айтады. Бүгінде екпенің екі дозасын халықтың 17 проценті алған. Негізі келесі жылы Бразилияда президенттік сайлау өтуі тиіс. Оған қазіргі мемлекет басшысымен қатар экс-президент Луис де СИлва да қатысуы мүмкін. Бірақ әлеуметтік саУалнама нәтижелері халықтың көбі қазіргі мемлекет басшысына емес, де Силваға дауыс беруге дайын екенін көрсеткен.

Сондай-ақ...