Үндістанның солтүстігінде лай көшкінен тоғыз адам қаза тапты

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандар туристік мақсатпен табиғат аясында қыдырып жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2 жолаушы жарақат алды. Олардың біреуі осы аймақтың тұрғыны. Таудан домалаған қойтастар жолаушылар мінген көлікті басып қалған. Үндістанда соңғы күндері табиғи апаттар толастамай тұр. Өткен аптаның аяғында елдің батысындағы Махараштра штатында нөсер жаңбырдан туындаған лай көшкіні мен су тасқынынан 125 адам ажал құшқан болатын.

Джайрам Такур, Химачал-Прадеш штатының басшысы:

- Қайғылы оқиға Санкла жазығында болған. Таудан төмен үлкен қой тастар домалап, зор зақым келтірді. Өмірлік маңызы ерекше көпір де қирап қалды.