Хорватияда жол апатынан 10 адам қаза тапты

Хорватияда автобус жол апатына ұшырап, 10 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 45 кісі жарақат алған. Қайғылы оқиға Славонски-Брод қаласының жанында болған. Жолаушылар көлігі Германиядан Косовоға бара жатқан. Жергілікті полицияның айтуынша, 52 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай аударылған. Қаза тапқандардың арасында екінші жүргізуші бар. Германиядағы Косово елшісі жолаушылардың көбі Косово тұрғындары екенін мәлімдеді.