Тунис астанасы мен тағы көптеген қалаларында халық бас көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар билікті COVID-19 індетімен және басқа экономикалық қиындықтармен күресе алмады деп айыптап, премьер-министрдің қызметкенін кеnкенін және парламенттің тез арада таратылғанын талап еткен. Бірақ үкімет басшысы бұған құлақ аспай, полиция ереуілшілерге қарсы көзден жас ағызатын газ шашты. Сус шаһарында наразы топ жергілікті заң шығару органының ғимаратына басып кірмек болған. Ал Тозеур қаласында шерушілер билік партиясының штаб-пәтерін өртеп жіберген.
Хаммеми Ахмед, ереуілші:
- Біздің басты талабымыз – елді 10 жыл билеп, ешқандай оң өзгеріс жасай алмай келе жатқан билік партиясы парламенттен кетуі керек. 2011 жылы өрімдей жас кезімнен бастап Үкіметтен жұмыс, бостандық талап етіп келемін. Түбінде айтқаным болады.