ДДСҰ: COVID-19-дың аяқталуына кемінде әлі бір жыл бар

COVID-19 індетінің аяқталуына кем дегенде әлі бір жыл бар.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесусқа сілтеме жасаған америкалық Newsweek журналы хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, кеселден біржола арылу кезеңінің созылуына әлем бойынша вакцинаның тең бөлінбеуі басты себеп. Осының кесірінен вирус бірқарат аймақта мутацияланып, жағдайды қиындатып отыр.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылдың ортасына дейін әлем тұрғындарының 70%-іне коронавирусқа қарсы екпе салуды үлкен мақсат етіп қойған. Бұл үшін 11 миллиард доза препарат қажет. Қазірге дейін 2 миллиардтай адам вакцина алған.

Сондай-ақ...