АҚШ Ауғанстан әскеріне әуе күштерімен қолдау көрсетеді

АҚШ «Талибанға» қарсы күресіп жатқан Ауғанстан әскеріне әуе күштерімен қолдау көрсетеді.

Бұл туралы Құрама Штаттар қарулы күштерінің аймақтағы қолбасшысы мәлімдеді. Генерал Кеннет Маккензидің мәлімдеуінше, Ауғанстанның қазіргі үкіметі елді тәліптерден қаншалықты қорғай алатыны алдағы күндері белгілі болады. Содырлар Кабул маңындағы провинцияларды басып алған болатын. Осының алдында АҚШ президенті Джо Байден Америка әскерін қыркүйекке қарай толық шығаратынын мәлімдеген еді.

Кеннет Маккензи, АҚШ Әскерінің аймақтағы қолбасшысы:

- Менің ойымша, тәліптер Кабулға шабуылды бұрыннан жоспарлап жүрген. Соңғы бірнеше күнде біз содырларға қарсы әуе шабуылын күшейттік. Осылайша, ауған әскеріне дем беріп жатырмыз. Тәліптер тізе бүккенше соққыларды тоқтатпаймыз.