АҚШ-та Хемингуэйге ұқсас адамдардың байқауы өтті

АҚШ-та атақты жазушы Эрнест Хемингуэйге ұқсас адамдардың байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған биыл шамамен 140 адам қатысқан.

Жазушы 1931-1939 жылдар аралығында Ки-Уэст аралында тұрған. Сол үшін мұнда «Хэмингуэй күндері» атты фестиваль аясында оған ұқсас адамдардың байқауын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Алайда былтыр пандемияға байланысты шара ұйымдастырылмады. Қатысушылар бірдей киініп қана қоймай, сақал өсіреді. Шарадан бөлек фестиваль аясында 5 шақырым қашықтыққа жүгіру және мәнерлеп оқудан сайыс өтеді.