Индонезия жағалауында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды

Индонезиядағы Сулавеси аралының жағалауында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады Америка Құрама Штаттарының Геологиялық қызметі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Палу қаласынан шығысқа қарай 230 шақырым жерде орналасқан. Ошағы 18 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.