Токио 2020: Михаил Кукушкин екінші айналымда Беларусь өкілімен кездеседі

Рыбакина үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Токиода теннистен іріктеу сындары жалғасып жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина екінші кезеңде швециялық Петерсонмен кездескен. 1 сағат 14 минутқа созылған матч жерлесіміздің айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп: 6:2, 6:3. Қазақстандық теннисші енді Беларусь және Хорватия спортшылары арасындағы ойынның жеңімпазымен жолығады. Егер тағы да жеңіске жетсе, ширек финалға шығады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы сында қазір осы Рыбакина ғана жарыс жолын жалғастырып жатыр. Ал, ерлер арасында Михаил Кукушкин қалды. Ол екінші айналымда Беларусь өкілімен кездеседі.