Үндістанда көпір құлады: құрбан болғандар бар

Үндістанның таулы аймағында тас көшкіні болып, тоғыз адам қаза тапты.

Бұл туралы The Tribune India хабарлады.

Мәліметтер бойынша, қаза тапқандар Сангладан Читкульге қарай бара жатқан 11 туристен құралған топтың адамдары болып шықты.

Тастардың құлауы салдарынан Баспа өзені арқылы өтетін көпір мен бірнеше көлік зақымданды. Көшкін жалғасуда, ол құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр.

Сондай-ақ...