Израиль ойлап тапқан вакцинасын Украина мен Грузия жерінде сынамақшы

Израиль коронавирусқа қарсы ойлап тапқан жаңа вакцина сынағының үшінші кезеңін бастайтын болды.

Бұл зерттеу Украина мен Грузияда өтеді. Осы жаңалық белгілі болғаннан кейін дәл осы елдердің әлеуметтік желілерінде препарат қауіпті деген ақпарат тарай бастады. Алайда Израильде вакцинаны тексеруге қажетті адам табылмаған. Бұл елде ересек адамдардың 80 процентінен астамы екпе салдырған және індеттің беті қайтты. Ал сынақтың соңғы сатысында препаратты індет дендеп тұрған елде ондаған мың адамға егіп, тексеру қажет. Вакцина стоматит вирусы негізінде жасалған. Бұл жануарлар арасында тарайтын ауру және адамға қауіпсіз.

Юрий Ранков, Тель-Авив қаласы бірінші медициналық орталығының департамент жетекшісі: 

- Бұл бір компонентті векторлы вакцина. Қаншалықты тиімді екенін сынақ нәтижелері көрсетеді. Бұл туралы айту әлі ерте.