Табиғаттың тосын мінезі әлемде дүрбелең тудырды

Алапат өрттен бөлек топан су да елдің есін шығарды. Төпелеп жауған жаңбырдан кәрі құрлықтың бірнеше мемлекетінде су тасқыны жүрді. Лондонда көлік қозғалысы тұралап қалды. Ал Бельгияның Динан қаласындағы лай көшкіні ондаған көлікті шайып әкетті. Бірнеше ғимарат қирады.

Қытайдың шығысына Иньфа тайфуны қайтып оралды. Осыған байланысты Чжэцзян провинциясында 1 жарым миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жағалаудағы кемелер мен жүрдек пойыздардың жүруіне тыйым салынды, ондаған әуежай жұмысын тоқтатты. Ал Шанхайдан 360 мың адам эвакуацияланды. Сақтық мақсатында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап, барлық әуе рейстері кейінге шегерілді.

Үндістанда толассыз жауын әлекке салып жатыр. Өйткені біраз өңірді су басып, лай көшкіні жүрген. Қапылыста 100-ден астам адам опат болды. Жоғалып кеткендер де жетерлік. Синоптиктердің айтуынша, мұндай күн райы әлі бірнеше күнге жалғасады.

Табиғат апаттары мұнымен тоқтап қалмайды. Себебі бұл климаттың өзгеруімен байланысты, дейді ғалымдар. Мамандардың айтуынша, көмірқышқыл газдың кесірінен ауа температурасы көтеріледі. Ал оның арты толассыз жауын-шашын мен құрғақшылыққа ұласады. Сондықтан ғалымдар әлемдік қауымдастықты ауаға кететін зиянды заттар көлемін барынша азайтуға шақырады.

Сондай-ақ...