Байден Ирактағы әскери миссияның аяқталатынын хабарлады

Байден Ирактағы әскери миссияның аяқталатынын хабарлады

АҚШ Ирактағы әскери миссиясын биылғы жылдың аяғына дейін аяқтайтынын хабарлады.

Бұл туралы президент Джо Байден Ирактың премьер-министрі Мұстафа әл-Казымимен кездесуінде мәлімдеді. Сондай-ақ Ақ үй басшысы Вашингтон мен Бағдат арасындағы лаңкестікке қарсы күрес бойынша ынтымақтастық жалғаса беретінін жеткізді. Байден америкалық мамандар Ирактың қауіпсіздік күштерін оқыту, үйрету және оларға кеңес беру ісімен айналысатынын алға тартты.

Қазір Иракта шамамен 2 жарым мыңдай АҚШ сарбазы бар.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

Біз қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа басымдық береміз. «ДАИШ»-қа қарсы бірлескен күрестің аймақтағы тұрақтылық үшін маңызы зор. Лаңкестікпен күрес жолындағы ортақ іс-әрекетіміз жалғаса бермек.