425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тунис президенті мемлекеттік төңкеріс жасамағанын мәлімдеді

  • 120
  • UPD: 13:03, 27.07.2021
Тунис президенті мемлекеттік төңкеріс жасамағанын мәлімдеді

Тунисте жаппай наразылықтан соң ел президенті Каис Саид премьер-министрді қызметінен алып, үкіметті таратып, парламент жұмысын тоқтатты.

Бірақ бұл шешімдерді Саидқа қарсы саясаткерлер «бұл мемлекеттік төңкеріс» деп айыптады. Мемлекет басшысы өз әрекетінің конституцияға сай екенін жеткізді. Сондай-ақ президент азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, көшеге шықпауға шақырды. Бұдан басқа, Тунисте коменданттық сағат енгізіліп, адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынды.

Каис Саид Тунис Президенті:

Біреулер кеше мемлекеттік төңкеріс туралы айтып жатты. Бірақ бұған конституция жол бере ме? 80-бап бойынша ел президенті анық қауіп төнген шақта қажет деп тапқан шешімді өз бетінше қабылдай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Тунистегі толқу 25 шілдеде басталды. Науқастардың көбеюі халықтың билікке деген сеніміне селкеу түсірген. Наразы топ парламентті таратуды және елдегі эпидемиологиялық және экономикалық жағдайдың ушығуына кінәлілерді жазалауды талап еткен.

Хабар 24 телеарнасы