Ғалымдар алдағы он жылда болатын рекордтық деңгейдегі ыстық туралы ескертті

Цюрих жоғары техникалық мектебінің ғалымдары планета тұрғындарына алдағы онжылдықтағы аптап ыстық туралы ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Жоғары температураның рекордтық кезеңдері 2021 жылдан 2050 жылға дейін екі-жеті есе жиі болуы мүмкін. 

«Біз жылудың рекордтық шыңдарына дайындалуымыз керек, бұл алдыңғы температура рекордтарынан асып түседі», — дейді зерттеуге қатысушылардың бірі Эрик Фишер.

Адамдар алдағы он жылда ауа райының өзгеруін айқын сезінеді.