Тарихта алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды

АҚШ-та тарихта алғаш рет жасанды жүрек трансплантациясы операциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» vokrugsveta.ru сілтеме жасап.

«Медициналық ғажайыпты» Дьюк университетінің мамандары жасап шығарды. Протез Францияда ойлап табылған. Қайта зарядталатын батареялары бар құрылғы төрт сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет. Осы себепті адамға соңғысын үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келеді. Салмағы да жеңіл емес, шамамен 4 кг. Алдыңғы нұсқадан ерекшелігі – стационарлық жабдық қажет емес.

Көрсеткіштерді арнайы датчиктер бақылайды, олар адам ағзасындағы тұрақты қан айналымын сақтайды. Жасанды жүректің қызмет ету мерзімі алты айдан аспайды, сондықтан толыққанды донорлық орган қажет болады.

Протез трансплантация үшін кезекте тұрған көптеген адамды құтқара алады. 39 жастағы Мэтью Мур есімді науқас осыған дәлел. Денсаулығы нашарлаған оған осы жасанды жүрек салынды.