425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда Нанкин қаласы індет ошағына айналды

  • 148
  • UPD: 14:32, 27.07.2021
Қытайда Нанкин қаласы індет ошағына айналды

Қытайдың шығысындағы Нанкин қаласында бір апта ішінде жүзге жуық адам ковидке шалдықты.

Бұл «Дельта» штаммының таралуымен байланысты. Мутацияланған вирус халықаралық әуежайдың қызметкерлерін тестілеу кезінде анықталды. Қытайдың өзге бес өңірінде де коронавирус жағдайының жаппай тіркелуіне осы Нанкин қаласының тікелей қатысы бар екені белгілі болды. Енді қала тұрғындарын жаппай тексеру басталды.

Енді Нанкин әуежайының қызметкерлері үш күн сайын тексеріледі. Ковид дертін жұқтырғандардың көбі екпе салдырған. Бұл аурудың асқынбай, жеңіл түрде өтуіне сеп болды дейді дәрігерлер. Қалада 9 миллионан аса адамды тестілеуден өтті. Ал науқастар тұратын аудандар карантинге жабылды.

Фу Цзиньцзинь, Нанкин қаласы Цзяннин ауданының вице-мэрі:

Эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, вирустың таралу қаупі жоғары аймақта өндіріс пен сауда орындарын жаптық. Өзге аудандарда базар мен дүкендерден өзге барлық қоғамдық орын жабылды. Халықтың жиналуына тыйым салынды.

Сондай-ақ денсаулық кодына шұғыл өзгерістер енгізілді. Адамның әуежайда қанша уақыт болғанына байланысты карантинге орналастыру қажеттілігі мен оқшаулану мерзімі ауысты. Елде вакциналау қарқыны үдетіліп, 12 жастан асқан жасөспірімдерге де екпе салынып жатыр.

Гао Цзянь, Бейжің қаласында вакциналау бойынша жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары:

– 12 мен 17 жас аралығындағы жастарды қыркүйек айының соңына дейін толық вакциналау жоспарланған. Ал үштен 12 жасқа дейінгі балалар үкіметтің жарлығына сәйкес егіледі.

Балаларға «Синовак» және «Синофарм» компанияларының препараттары салынып жатыр. Ал Нанкиндегі эпидахуал екі аптадан кейін тұрақталады дейді сарапшылар.

Авторы: Ботагөз Сырғабаева

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы