Biontech безгекке қарсы вакцина жасайды 

Немістің «Байонтэк» компаниясы безгекке қарсы вакцина жасайды.

Алғашқы клиникалық сынақ алдағы жылдың басына жоспарланған. Жоба бірнеше мақсатты көздейді. Біріншісі – матрицалық РНҚ негізінде қауіпсіз және тиімділігі жоғары екпе әзірлеу. Екінші мақсат – Африка құрлығында препаратты өндіру және жеткізу ісін дамыту.

Айта кетейік, безгек адамға масалардан жұғады. Жыл сайын бұл індетке миллиондаған адам шалдығады. Оның 400 мыңнан астамы қайтыс болады. Әсіресе өлім-жітім Африкалық балалар арасында өте жоғары.  

Угур Сахин Biontech бас директоры:

– Біз безгекті қоздыратын паразитті иммундық жүйе байқап, әзірге әлсіз кезінде өзі жеңетіндей жағдайға жеткізетін вакцина жасағымыз келеді. Сондай-ақ біз екпенің бүкіл әлемде қолжетімді болуы үшін өндіріс қуатын арттыруды көздеп отырмыз.

Сондай-ақ...