Ресейдің «Пирс» модулі Тынық мұхитына тасталды  

Ресейдің «Пирс» модулі мен «Прогресс» атты жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан ажыратылды.

Бұл туралы көрші елдің «РосКосмос» корпорациясы мәлімдеді. Қос құрал бірнеше сағаттан кейін орбитадан шығарылып, «Пирс» кейін Тынық мұхитына тасталды. Бұл модуль станцияда 20 жылдай жұмыс істеген. Ол кемелерді түйістіру және адамдарды ашық ғарышқа шығару тетігі ретінде қызмет етті. Енді оның орнына «Наука» атты жаңа модуль бара жатыр. Ол станцияға 29 шілдеде түйісуі тиіс.