Еуроодақ тұрғындарында жалғыздық сезімі күшейген   

Еуроодақ тұрғындарында жалғыздық сезімі күшейген   

Еуропалық одаққа «жалғыздық пандемиясы» қауіпі төнді.

Себебі коронавирус індеті таралғалы кәрі құрлық тұрғындарының арасында жалғыздық сезімі күшейіп, одан зардап шегушілер қарасы артқан. Еуропалық мамандардың зерттеулері осыны көрсетіп отыр. Мысалы, соңғы бір жылда 18 бен 35 жас аралығындағы адамдар арасында жалғыздық сезімі 4 есе өскен. Мәселе қала тұрғындарымен бірге ауыл адамдарының арасында да кеңінен таралған. Осымен қатар зерттеуге қатысқан адамдардың 30 процентінде сергектік, сабырлық, қызығушылық сынды қасиеттер азайып, алаңдаушылық пен жабырқау күшейгені байқалған.