423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токиода коронавирусты жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

  • 181
  • UPD: 15:45, 27.07.2021
Токиода коронавирусты жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Жапония астанасында коронавирусты тәуліктік рекордтық жұқтыру дерегі тіркелді.

Өткен тәулікте Токиода 3 мыңнан астам адам жұқтырып алған. Соңғы рет бұл шаһарда вирусты ең көп тәуліктік жұқтыру дерегі қаңтар айында тіркелген еді. Ол кезде бір күнде коронавирус 2 жарым мыңнан аса адамнан анықталған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасында ковид жұқтырған 7 жағдай тіркелген. Инфекция Нидерландтың 2 теннисшісінен анықталған. Осылайша Олимпиадаға қатысатындардың арасында «Ковид-19» жұқтырғандардың жалпы саны 150 адамнан асты. Ұйымдастырушылар Жапониядағы Ойындарға барлығы 40 мыңға жуық шетелдік келгенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы