АҚШ-тың 12 штатында ормандар өртеніп жатыр

АҚШ-тың 12 штатындағы ормандарды өрт шарпыды.

Ең үлкен аумақты қамтыған өрт Калифорнияда – төрт округте төтенше жағдай жарияланған. Үйлер, көліктер толықтай өртеніп кетті. Тағы 10 мың тұрғын үйге қауіп төніп тұр.

Орегон штатында екі мыңнан астам адам эвакуацияланды. Өрт шамамен 70 үйді жойып жіберді.

Жалпы АҚШ-та 85 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт сөндірушілер олардың жартысын ғана бақылауға алды. Өрт аптап ыстық пен құрғақшылықтан шыққан.

Сондай-ақ...