Германиядағы жарылыс: бес адам жоғалып кетті

Германияның батысындағы Леверкузен қаласында орналасқан Chempark Leverkusen химиялық зауыты аумағында болған жарылыстан екі адам ауыр жарақат алды.

Тағы бес адам із-түзсіз жоғалып кетті.

«Апат салдарынан бірнеше қызметкер жарақат алды, кем дегенде екеуінің жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бес қызметкердің хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланды», - делінген компанияның хабарламасында.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз.

Германияда жойқын жарылыс болды