Италияда лай көшкіні жүрді

Италияның солтүстігінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, лай көшкіні жүрді.

Табиғат апатынан Комо көлі маңындағы қалалар мен ауылдар қатты зардап шекті. Селдетіп құйған жаңбыр аймақтағы жолдарды шайып, бірқатар ауыл оқшау қалған. 100-ден астам көлік қирап бүлінген. Бірақ қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат жоқ. Кей аудандардан тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Табиғат апаты салдарымен күрес жалғасып жатыр.

Бруно Бианчи, тұрғын:                                                       

- Ана көшемен лай көшкіні жүрді. Таудан аққан лай-батпақ үлкен тастарды ағызып әкеліп, жолындағының бәрін тас-талқан етіп өтті. Құдды бір қар көшкіні жүріп өткендей болды.