Үндістанда жол апатынан 18 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Барабанки қаласында (Уттар-Прадеш штаты) автобус пен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды. Бұл туралы Hindustan Times хабарлады.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта автобус астында қалған тағы бірнеше адамды құтқару операциясы жүріп жатыр.