Instagram жасөспірімдердің қауіпсіздігін қорғау шараларын күшейтеді

Instagram-дағы жаңа ереже бойынша енді 16 жасқа дейінгі барлық желі қолданушылардың жеке парақшалары (кейбір елдерде 18 жасқа толмаған) жабық болады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

«Бұл дегеніміз, басқа желі қолданушылары жасөспірімдердің өз рұқсатынсыз олардың аккаунтына жазыла алмайтын болады. Сондай-ақ олардың мазмұны Explore бөлімінде, ұсынылған аккаунттарда немесе хэштегтер арқылы көрсетілмейді», - деп түсіндірді компания.

Жасөспірім аккаунтты көпшілікке жария еткісі келсе, оның мүмкіндігі бар.

«Біз күмән тудыратын аккаунттарды табуға және жасөспірімдердің парақшаларын олармен байланыстыруға тыйым салатын жаңа технология жасадық» делінген хабарламада.

Сондай-ақ жарнама берушілер жарнаманы 18 жасқа дейінгі қолданушыларға тікелей ұсына алмайды.

Сондай-ақ...