Батумиді топан су басты

Грузияда толассыз жауған жаңбырдан Батуми қаласын су басты. Шелектеп құйған жауыннан қала көшелерінде су дала болып ағып, көлік қатынасы тұралап қалды.

Шаһардың суағар жүйесі істен шығып, үйлердің бірінші қабаты суға толған. Жауын-шашыннан туристік аймақтар да қатты зардап шеккен. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал синоптиктер жауын тағы бірнеше күн жалғасатынын айтады.

Арчил Чиковани, Батуми мэрі:

- Республикалық аурухананың төменгі қабатын су басты. Бірақ емдеу орыны жұмыс істеп тұр. Қалада барлық коммуналдық қызмет табиғат апатының салдарымен күреске жұмылдырылған. Қазір қаланың суағар жүйесінің біраз бөлігі қалпына келтірілді.

Сондай-ақ...