Еуроодақ қарттардың 70 процентіне вакцина салады

Еуропалық одақта күзге дейін коронавирусқа қарсы егде жастағы адамдардың 70 проценті егіледі. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлімдеді.

Себебі қазірге дейін одақ аумағындағы қарттардың 70 проценті екпенің бірінші дозасын алған. Ал 57 проценті толық егілген.

Урсула Фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Еуропалық одақ егде жастағы адамдардың 70 процентін вакцинаның бір дозасымен болсын қорғау туралы мақсатына жетіп, өз сөзінде тұрды. Біз бірақ бұл жетістікке тоқмейілсімеуіміз керек. Халықты вакциналауды осы қарқынмен одан әрі жалғастырумыз қажет. Дельта штамм өте қауіпті. Сондықтан одақ азаматтарының бәрін екпе алуға шақырамын.

Сондай-ақ...